Алматы ауруханаларының бірінде онкологиясы бар балалар С гепатитін жұқтырған

0
573

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бірден бірнеше жұқтыру дерегі тіркелген.


Алматы ауруханаларының бірінде онкологиясы бар балалар С гепатитін жұқтырған

ERNUR.KZ. Алматыдағы ауруханалардың бірінде онкологиясы бар балалар С гепатитін жұқтырған, деп жазады Tengrinews.kz.

Ата-аналардың ойынша, балалар қала ауруханаларының бірінде жұқтырған. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бірден бірнеше жұқтыру дерегі тіркелген. Сол жерде балалар онкологиядан емделеді.

Орталықтағылардың айтуынша, балалар Педиатрия орталығына келерде гепатит жұқтырғаны анықталған. Себебі медициналық орталыққа жатқызылмай тұрып, науқастар міндетті түрде вирустарға анализ тапсырады.


"Қай кезеңде жұқтырғанын табу өте қиын, бірақ эпидтергеу жүргізіледі. Ең бастысы - шара қабылдау. Бастысы бұл балалар негізгі ауруынан емделу керек, себебі С гепатиті емделеді, дәрі бар. Ғылыми орталықта С гепатитін жұқтырған 11 бала емделіп жатыр. Екеуінен вирус биыл, қалғанынан бұдан бұрын табылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты, оқшауланды және онкологиядан емделіп жатыр. Аурудың беті қайтқан соң гепатиттен ем қабылдайды", - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Манжуова.


Ғылыми орталықтағылар инфекция жұқтыруға қатысы жоғын айтты.

"Біз бір рет қолданылатын медициналық бұйымдарды пайдаланамыз. Бірде-бір клиника былай уайымдамайтын шығар, мұндай талап қоймайтын шығар. Оның үстіне бұйымдардың бәрі ата-аналардың көзінше ашылады", - деді Ләззат Манжуова.

Санитар дәрігерлер ғылыми орталықта және жұқтырған балалар емделген басқа да медициналық мекемелерді тексеруге уәде етті.