Олар бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.
ERNUR.KZ. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша жеті патрульдік полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады zakon.kz.
Олар бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған. Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.
Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.