Алматы халықаралық әуежайына айыппұл салынуы мүмкін

0
638

Жолаушылардың бірі Facebook әлеуметтік желісінде Алматы әуежайында ұшақта суретке түсіп, ешқандай санитарлық нормаларды сақтамай баруға мәжбүр болғаны туралы жазған болатын.


Алматы халықаралық әуежайына айыппұл салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайына айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Жолаушылардың бірі Facebook әлеуметтік желісінде Алматы әуежайында ұшақта суретке түсіп, ешқандай санитарлық нормаларды сақтамай баруға мәжбүр болғаны туралы жазған болатын.

Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, ол 1 600 АЕК (1,66 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

"Егер басқа жолаушылар осыған ұқсас жағдайға тап болса немесе Қазақстанның басқа әуежайларында карантиндік талаптар бұзылғанын байқасаңыз, мені Facebook желісінде белгілеулеріңізді сұраймын, біз жедел әрекет етеміз немесе 8 778 012 7000 телефонына хабарласыңыз", - деді Сәдуақас Байғабылов.