Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

0
810

Ол бұл лауазымға 2018 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.


Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев қызметінен кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қанат Төсекбаевтың мемлекеттік басқару саласында оқуға кетуіне байланысты жұмыстан кететіні туралы хабарланған. Ол бұл лауазымға 2018 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

«Денсаулық сақтау саласында басшылық еткен жылдары ол медициналық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыруға күш салды. Сондай-ақ, медицина саласындағы маңызды мәселелерді шешуге көпшіліктің қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жобалар енгізді», - делінген хабарламада.