Алматы көшелерінде мопед мінген балалар видеоға түсіп қалды

0
514

Әлеуметтік желілерде жүргізушілердің бірі түсіріп алған видео тарады.


Алматы көшелерінде мопед мінген балалар видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Полицейлер мопедпен қала көшелерінде жүрген балаларды іздестіріп жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде жүргізушілердің бірі түсіріп алған видео тарады. Ер адам мопед мінген екі мектеп жасындағы баланы видеоға түсіріп алған. Автор ата-аналарға балаларына мопедпен жүруге рұқсат бермеуге шақырады.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, балалар мен олардың ата-аналары іздестіріліп жатыр.

"Қазір бұл дерек бойынша жергілікті полиция басқармасы тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Жолда мұндай әрекетке жол берілмейді. Балаларға қауіпті көлік құралын басқаруға рұқсат берген ата-аналарға үлкен сұрақ туындайды.
Міндетті түрде құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.