Алматы маңында бір тәулікте үшінші рет жер сілкінісі тіркелді

0
2 249

Алғашқы жер сілкінісі таңғы сағат 07:40-та тіркелген болатын.


Алматы маңында бір тәулікте үшінші рет жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Алматының сейсмологтары осы тәуліктегі үшінші жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ол Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 10:38-де болған.

«ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2023 жылғы 16 сәуірде Алматы уақытымен сағат 10:38-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 560 шақырым жерде орналасқан», - делінген «Алматы» ОСО кезекші операторының хабарламасында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7.
MPV магнитудасы - 4.2. Тереңдігі – 10 шақырым.Сезілуі туралы ақпарат жоқ.
Алғашқы жер сілкінісі таңғы сағат 07:40-та тіркелген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 325 шақырым жерде Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан.
Екінші жер сілкінісі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 43 шақырым жерде болды.
Барлық жағдайда Алматы қаласының тұрғындары жер асты тербелістерін сезбеді.