Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонды

0
2 434

Ұшақ Боралдай тасжолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде қонды.


Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонды

ERNUR.KZ. Боралдай-Кеген бағытында ұшқан "Азия Континенталь" авиакомпаниясының Ан-2 әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ұшақ Боралдай тасжолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде қонды.

"Бортта бес адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Азаматтық авиация комитетнің өкілдері.

Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. 8 ақпанда Ан-2 ұшағы Өскеменнен Зайсанға ұшты. Ұшу кезінде ұшқыш қозғалтқыш қуатын жоғалтқаны туралы хабарлады. Ұшақ Өскеменнен оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі тасжолда қонуға мәжбүр болды.