Төрт адам ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Оқиға 16 қаңтар күні шекара маңында орналасқан Панфилов ауданына қарасты Көктал ауылында болған, деп жазады baq.kz.
Жанжалдасып қалған тараптар суық қару қолданған, нәтижесінде төрт адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ оқиға орын алған маңнан 27 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған.
Белгілі болғандай оқиғаға он шақты адам қатысқан, полиция олардың түр-тұлғасын анықтап, үшеуін қамауға алған.
Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Жедел іздестіру жұмыстары кезінде жанжалға қатысқан үш адам ұсталып, аудандық соттың шешімімен қамауға алынды. Бұл іс бойынша ҚР ҚК 99 бабына сәйкес тергеу және сараптама жұмыстары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары облыстық департаменттің қатаң бақылауына алынды, - делінген хабарламада.
Полиция тергеу кезінде аталған оқиғаға қатысы бар екі пышақ пен 3 аң қаруын тәркілеген. Олардың бардығы тергеу материалына айғақ ретінде тіркелген. Қазір ауыл тұрғындары арасындағы жанжалдың себебі анықталуда.