Алматы облысында бұқа базардың тас-талқанын шығарды (видео)

0
1 043

Жануар контейнерді сүзіп, жолындағының барлығын қиратқан.


Алматы облысында бұқа базардың тас-талқанын шығарды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысында ызалы бұқа базардың тас-талқанын шығарды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрларда оқиға автомобиль нарығында болғаны көрінеді, себебі барлық жерде көлік бөлшектері, жанар-жағармай материалдары бар контейнерлер шашылып жатыр.

Сондай-ақ, видеодан жануардың контейнерді сүзіп, жолындағының барлығын қиратып жатқанын көруге болады. Ал адамдар айқаймен әр жаққа қашып жүр.

"Бәрін қиратты. Бәріне тиді", - дейді видео авторы.

Кей қораптардың үстінен қан көрінеді. Оның нақты бұқаға немесе адамға тиесілі екені белгісіз. Бірақ жарияланымда сондай-ақ бауыздалған жануардың суреті қоса жүктелген.

"Гүлдала ауылындағы автокөлік базарының аумағына ызалы бұқа жүгіріп келді. Тұрғындар бірнеше контейнерлерді қиратқан жануардың көзін жойды. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ", - делінген сурет сипаттамасында.