Алматы облысында ер адам анасын өлтіріп, әкесін ауыр жарақаттады

0
761

Әкесінің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.


Алматы облысында ер адам анасын өлтіріп, әкесін ауыр жарақаттады

ERNUR.KZ. Алматы облысында ер адам ата-анасына шабуыл жасап, анасын пышақтап өлтіріп, әкесін ауыр жаралаған, деп жазады tengrinews.kz.

"Қылмыс үйде жасалды. Ер адам ұрыс кезінде ашу-ызасын тежей алмай ата-анасына шабуыл жасаған. Әйел сол жерде-ақ алған жарақаттарынан қайтыс болды. Әкесінің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Қылмыскер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Жалпы, өткен тәулікте елімізде 734 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 444-і ашылды. Барлығы 4 кісі өлтіру, 6 зорлау, 32 есірткі тәртібін бұзу, 8 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен байланысты құқық бұзушылық, 18 тонау жасалды.