2008 жылы туған бала ауыр халде жатыр, әйел адам тағы үш баласымен бірге дәрігерлердің бақылауында
ERNUR.KZ. Аудандық ауруханаға иіс газынан уланған алты науқас түсті – бір әйел мен бес бала, деп жазады sputniknews.kz.
Бейсенбі күні таңертең Нарынқол ауылында тұратын келіншек пен бес баласы иіс тиіп уланып, Райымбек ауданының ауруханасына түсті.
"Бастапқы мәлімет бойынша, қатты отынмен жанатын пеш бұзылып, отбасы мүшелері уланып қалған. Отағасының айтуынша, мұржаны 2018 жылы қазанда тазартыпты, ал 12 қаңтарда қызметкерлеріміз үй иесіне жылыту маусымында қауіпсіздік ережесін сақтау туралы нұсқаулық берген болатын", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір анасы мен 2005, 2006, 2016 жылы туған үш баласының жағдайы орташа, ал 11 жастағы ер бала ауыр халде жатыр. 2009 жылы туған бала жеңіл-желпі уланғандықтан, дәрігерлер ауруханадан шығарыпты.
Құтқарушылар жеке үйде тұратындарға мұржаны тексеріп, күлден тазарту керектігін ескертті, себебі күн жылынғанда мұржа дұрыс тартпай қалады.