Алматы облысында көлік апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды

0
1 357

Көлік апаттарының басты себептері -жолдың қарсы бетіне шығып кету, жылдамдықты шектен тыс асыру.


Алматы облысында көлік апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды

ERNUR.KZ. Алматы облысында көлік апатынан бір адам көз жұмып, тағы екі адам түрлі дене жарақатын алды. Оқиға «Алматы-Өскемен» тас жолының 151 шақырымында болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Жол-көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Тамыздың 4-і күні Мазда және Хово маркалы көліктері соқтығысқан. Салдарынан бір адам мерт болып, екі адам түрлі дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігімен сот алды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған», деп мәлемдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айында өңірі автожолдарында көлік апаты салдарынан 50-ге жуық адам көз жұмған. Сол себепті тәртіп сақшылары күннің аптап ыстығында жүргізушілерге барынша абай болуды ескертеді. Ал көлік апаттарының басты себептері -жолдың қарсы бетіне шығып кету, жылдамдықты шектен тыс асыру.