Алматы облысында көліктің нөмірін алып тастап сайран құрған түлектер ұсталды

0
459

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік нөмірсіз жүрген кортеждің видеосы тарады.


Алматы облысында көліктің нөмірін алып тастап сайран құрған түлектер ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында көліктердің мемлекеттік нөмірін алып тастап сайран құрған түлектер ұсталды. Қазір полиция оларға қатысты шара қолдануда, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында болған. Олар - колледж түлектері. Автомашинадағы адамдар да, көліктер де анықталды. Қазір полицейлер осы оқиғаға қатысты тиісті шара қолданып жатыр», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде мемлекеттік нөмірсіз жүрген кортеждің видеосы тараған болатын.