Алматы облысында Lenovo компаниясы директорының денесі табылды

0
305

Жақыпжанов Алматы қаласындағы үйінен өзінің қара сұр түсті Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.


Алматы облысында Lenovo компаниясы директорының денесі табылды

Фото: Әлеуметтік желіден

ERNUR.KZ. Алматы облысында Lenovo компаниясының GR директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады.

9 қазанда Жақыпжанов Алматы қаласындағы үйінен өзінің қара сұр түсті Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ермек Жақыпжанов Lenovo компаниясында бір жарым жыл бойы GR директоры (мемлекеттік мекемелермен байланыс жөніндегі маман) қызметін атқарған.

Полиция департаменті ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, 24 жастағы күдікті ұсталған.

"Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.