Алматы облысында медбикені өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

0
413

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған.


Алматы облысында медбикені өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлаймыз.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады полициядан.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн.

Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алған.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.