Алматы облысында өздігінен тербелген газ құбырына тірек орнатылды

0
630

Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы газ құбырына екі тірек орнатылғанын хабарлады.


Алматы облысында өздігінен тербелген газ құбырына тірек орнатылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында оқиға куәгерлері тас жол бойында өздігінен қатты тербеліп тұрған газ құбырын видеоға түсіріп алды. Өңір әкімдігі осыған байланысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.


«Мен үйге Жамбыл ауылы арқылы барамын. Жол бойындағы газ құбыры осылайша өздігінен тербеліп жатыр, оны ешкім қозғап жатқан жоқ. Қысымнан ба?» - дейді видео авторы.

Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы газ құбырына екі тірек орнатылғанын хабарлады.

«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ – аталған елді мекеннің операторы. Компания тұрғындардың ескертулерін назарға алып, газ құбырына екі тірек орнатты. Егер мұндай ақаулар тағы да анықталып жатса, дереу +7 705 222 6463 нөміріне хабарласуды сұрайды», - деп атап өтті басқармадан.