Алматы облысында сәбидің мұрнын тістеп тастаған ер адам 8 жылға сотталды

0
1 248

​31 жастағы өгей әкесі аяусыз тістеп тастаған қыздың суреті әлеуметтік желілерде биыл қаңтар айында шыққан болатын.


Алматы облысында сәбидің мұрнын тістеп тастаған ер адам 8 жылға сотталды

фото: © Sputnik / Евгений Одиноков

Алматы облысында үш жасар өгей қызын тістеп тастаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

31 жастағы өгей әкесі аяусыз тістеп тастаған қыздың суреті әлеуметтік желілерде биыл қаңтар айында шыққан болатын.

Күдікті ер адам ізін жасыруға тырысқанымен, Талғар ауданынан шыға бере ұсталған.

Басты сот талқылауы Қарасай аудандық сотында жабық режимде өтті.

Сотталушы ҚР ҚК 106-бабы бойынша айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.