Алматы облысында шетелдік азаматтың мәйіті табылды

0
555

Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты.


Алматы облысында шетелдік азаматтың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында Өзбекстан азаматының мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

14 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қайназар ауылдық округінің аумағындағы ҮАК су арнасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу іс-шарасы кезінде қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1984 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.