Алматы облысында жаппай төбелес салдарынан жасөспірім қаза тапты

0
265

Желіде Талғардағы дүкен маңында атыс болғаны туралы ақпарат пайда болған еді.


Алматы облысында жаппай төбелес салдарынан жасөспірім қаза тапты

фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Талғарда бір топ бала төбелесіп, салдарынан жасөспірім көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Желіде Талғардағы дүкен маңында атыс болғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 4 қазанға қараған түні жастар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан.

Полиция екі зардап шегушінің аудандық ауруханаға жеткізілгенін, олардың біреуі жансақтау бөлімінде мерт болғанын хабарлады. Полиция департаменті атыс болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді.

"Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Іс бойынша тергеу Алматы облысы полиция басшылығының ерекше бақылауында.