Алматы облысында жасөспірім қыздар құрдасына қысым көрсетіп, ақша бопсалаған

0
208

Полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапқа тартты.


Алматы облысында жасөспірім қыздар құрдасына қысым көрсетіп, ақша бопсалаған

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматы облысында жасөспірім қыздар өздері қатарлас қызға қысым көрсетіп, одан ақша бопсалаған. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапқа тартты.

"Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздар құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды. Құқықбұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді", – деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді.