Алматы облысында жоғалып кеткен ер адамның өртенген көлігі табылды

0
1 702

Ер адамның 21 желтоқсан күні Қарабұлақ ауылында болғаны анықталды.


Алматы облысында жоғалып кеткен ер адамның өртенген көлігі табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында ер адам жоғалып кетті. Оның көлігі екі сағаттан кейін ауылдың шетінде өртенген күйде табылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті 22 желтоқсанда Талдықорған полициясына 27 жастағы тұрғын 1986 жылғы ағасы Азат Теміртасовтың жоғалғаны туралы арыз жазғанын хабарлады.

Хабар-ошарсыз кеткен ер адам 21 желтоқсанда сағат 21.30-да Қарабұлақ ауылында Toyota Caldina көлігімен жүргені мәлім болды.

"Аталған өтініш СДТБТ-ға тіркеліп, оған іздеу жарияланды. Іздестіріліп жатқан ер адамның көлігі екі сағаттан кейін Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының шетінде табылды.
Қазіргі уақытта қылмыс деректері мен оқиғаның мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерттеуге бағытталған жедел және тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деді өңірлік полицияның баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні атап өтілді.