Көлікті 15 жастағы жасөспірім басқарған.
ERNUR.KZ. Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім көз жұмды, деп жазады Tengrinews.kz.
2 қаңтар күні сағат 22.20-да Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылының маңында Nissan Cefiro көлігінің қатысуымен жол апаты болды.
"Көлікті Көктал ауылының 15 жастағы тұрғыны басқарған. Көлік Көктал - Әулиеағаш тасжолында аударылған. Оқиға орнында жүргізуші мен 14-15 жастағы екі жолаушы қаза тапты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полициядан.
ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.
Көлікті басқаруға құқығы жоқ кәмелетке толмаған жүргізушіге жол берген көлік иесіне қатысты ҚР ҚК 349-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.