Алматы облысындағы оқушы қызды зорлаған мұғалімдерге қатысты ақпарат жарияланды

0
685

Мұғалімдер мектеп оқушысын ғана емес колледж студентіне де зорлық көрсеткен көрінеді.


Алматы облысындағы оқушы қызды зорлаған мұғалімдерге қатысты ақпарат жарияланды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Үштөбе қаласында 16 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінген мұғалімдер жұмысына адал, білікті ұстаз ретінде танылған. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Басы дауға қалған ұстаздардың екеуі де дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. Отбасылы, бұрын істі болмаған.

"2017 жылдан бері істеп жүрген жас мамандар ғой. Мектеп ережесін бұзбаған. Былайша айтқанда, бұған дейін жаман ештеңе істемеген. Отбасылы, балалары бар", - дейді Алматы облысы Қаратал аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Оңғаров.

Облыстық полиция таратқан деректерге қарағанда мұғалімдер мектеп оқушысын ғана емес колледж студентіне де зорлық көрсеткен көрінеді.

"Күдіктілер қамауға алынды, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Тергеу құпиялығына байланысты, басқа ақпарат бермейміз, деді тәртіп сақшылары.