Алматы тауында талмасы ұстаған жігіт құтқарылды

0
649

Мұрнынан қан кетіп, 40 минуттай дірілдеген жігіт өздігінен таудан түсе алмаған.


Алматы тауында талмасы ұстаған жігіт құтқарылды

ERNUR.KZ. Алматыда Іле Алатауында талмасы ұстап қалған жігіт құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

10 тамызда 9 турист Қарлытау шыңына шыққан. Кешке таман Богданович мұздығында (3700 метр) ерлердің бірінің жағдайы нашарлай түскен. Мұрнынан қан кетіп, 40 минуттай дірілдеген жігіт өздігінен таудан түсе алмаған.

Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші нөміріне 11 тамызда түн уақытында жігіттің қасындағы адамдар хабарласқан.

Құтқару жасағының 7 мүшесі, кинологиялық құрам оқиға орнына аттанған.

Аспалы жол істемей тұрғандықтан, құтқарушылар Шымбұлақтан Талғар тауының сол жағына жаяу түсіп, ары қарай Боданович мұздығына жаяу жеткен.

Қараңғы түнде, үгіліп тұрған қорым тастармен жоғары өрмелеуге тура келген.

Таңға жуық бөгелген туристер табылды. Ауырған адам қасынағы адаммен бірге таудың етегіне дейін аман-есен түсірді.