Алматы тұрғыны жанжалдасып қалған танысының көлігін өртеуге тапсырыс берген

0
1 356

Күдікті тапсырыс үшін 100 мың теңге сыйақы алған


Алматы тұрғыны жанжалдасып қалған танысының көлігін өртеуге тапсырыс берген

ERNUR.KZ. Алматы полициясы автокөлікті тапсырыспен өртеу дерегін анықтап, қылмыстың бетін ашты деп жазады Polisia.kz.

Қала тұрғындарының бірі аулада тұрған Subaru автокөлігін өртеп кеткен. Көлік 1952 жылғы азаматқа тиесілі болған.

«Қылмыс 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында болған. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл факт ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірді. Жедел және арнайы іс-шаралар кешенінің нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды», - деді деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Ұсталған күдікті 1983 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол аталған қылмысты тапсырыспен орындағанын мойындаған. Тапсырыс үшін 100 мың теңге сыйақы алған көрінеді. Полицейлер тапсырыс берген адамды да ұстады.

«Өртке тапсырыс беруші дереу ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында жеке дұшпандық қатынастар аясында бірнеше рет жанжалды жағдайлар болған, бұл қылмысқа түрткі болды», - деді Рүстем Абдрахманов.

Оның айтуынша, екі күдікті де ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.