Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасы өзгерді

0
849

Алматы облысының жалпы аумағы 1 090 гектар болатын жері Жамбыл облысына беріледі.


Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасы өзгерді

ERNUR.KZ. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Алматы облысынының шекарасын өзгерту жөніндегі қаулыға қол қойды. Енді өңірге тиесілі болған жалпы аумағы 1 091,78 гектар жер Жамбыл облысына беріледі, деп жазады sputniknews.kz.

"Алматы облысындағы жалпы аумағы 1 091,78 гектар болатын жерді Жамбыл облысының Қордай ауданына қосу арқылы шекараны өзгерту керек", - деп жазылған электронды үкімет сайтында жарияланған ақпаратта.

Осылайша, ҚР қорғаныс министрлігінің аудандық гвардиялық эксплуатациялық бөлімі, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты және бұрынғы "Алматы" әскери совхозы сынды нысандары Жамбыл облысына беріледі.

Шекараны жоспарлау кезінде "Алматы" совхозының тұрғындары мемлекеттік қызметті Ұзынағаш ауылына барып алғаны айтылды. Ол совхоздан 150 шақырым жерде орналасқан. Жер Жамбыл облысына берілген соң халыққа қызмет көрсету орталықтары әлдеқайда жақындай түспек. Енді қажетті құжатты алу үшін тұрғындар 80 шақырым жердегі Қордай ауданының орталығына барады.

Алматы облысы 1932 жылдың наурыз айында құрылған болатын. 2001 жылға дейін облыс орталығы - Алматы қаласы болды. 2001 жылдың сәуір айынан бастап орталық Алматыдан Талдықорғанға көшірілді. 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша өңір халқы екі миллионнан асады.

Қазір Жамбыл облысының аумағы 144 264 шаршы шақырым. Жаңа аумақ қосылған соң, ол 145 355 шаршы шақырымға дейін ұлғаяды.