Баспана сатып алғысы келетіндерге жеңілдетілген 5%-тік несие беріледі.
ERNUR.KZ. Алматылық жастар 18 мамырдан бастап "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім бере алады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады.
Бағдарлама аясында қатысушыларға жеңілдетілген 5%-пен 18 млн теңгеге дейін қарыз беріледі. Жастар жаңа үйлерді де, екінші нарықтағы үйлерді де сатып ала алады.
Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-і, несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.