Алматыда 12 жастағы қызды көлік қағып кеткен

0
1 537


Алматыда 12 жастағы қызды көлік қағып кеткен

ERNUR.KZ. 30 сәуір күні Алматының Жандосов көшесінде оқушы қыз реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде солтүстік бағытта жолды кесіп өтіп бара жатқанда жол апаты болған, деп хабарлайды Stan.kz

Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

“Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Бұл факті бойынша Әуезов ауданы ПП тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алматы қалалық анықтау полиция департаментінің басшысы Олжас Шәріпов.