Ыстық температура әсерінен тағы төрт машина зақымданды. Он бес көлікті ғимараттан алып шығу мүмкін болды.
ERNUR.KZ. Алматының Бостандық ауданы Сәтбаев көшесінде көлікке қызмет көрсету орталығынан өрт шықты, деп жазады sputniknews.kz.
Сейсенбі күні сағат 21.52-де өрт сөндіру қызметіне хабар түсті, деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Өрттің жақын маңдағы гараждар мен жанармай бекетіне ауып кету қаупі болды.
Алдын ала болжамға сәйкес, 20-ға жуық көлік өртеніп кеткен. Ыстық температура әсерінен тағы төрт машина зақымданды. 15 көлікті ғимараттан алып шығу мүмкін болды.
Өртті сөндіруге екі сағат уақыт кетті. 23:09-де ауыздықталып, 23:47-де сөндірілді.
Қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың жалпы аумағы - 1 300 шаршы метр. Оған жету үшін эвакуатор көмегіне жүгінуге тура келді.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.