Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың үйін полицейлер қоршауға алды

0
1 395

2021 жылы 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты.


Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың үйін полицейлер қоршауға алды

ERNUR.KZ. Алматыда бірнеше адамға оқ атқан Игорь Дужновтың әйелінің үйін полицейлер қоршауға алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаменті «102» пультіне жеке сот орындаушысынан Ақбұлақ ықшамауданындағы Сыздықов көшесіндегі үйлердің бірінен баспананы мәжбүрлеп шығару кезінде атыс қаруының табылғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

«Қазір оқиға орнында Алатау аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2021 жылы 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды.

Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды.

Былтыр сот Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айырды.