Ақтөбедегі әскери қызметшінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
465


Ақтөбедегі әскери қызметшінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында әскери қызметшінің суицид жасауына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады kaz.inform.kz.

«Осы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды. Құрлықтағы әскер қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген Ақтөбе гарнизоны таратқан ақпаратта.