Қылмыс жасады деген күдікпен 32 және 24 жастағы екі ер адам ұсталды.
ERNUR.KZ. Алматының Алатау ауданында 80 млн теңгенің жарық бағаналары ұрланды, деп жазады sputnik.kz.
Кәсіпорын қызметкерлері жарық бағаналарының кем екенін байқап, полицияға арызданған. Қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен әшкереленді.
"Біздің ауданымызда осындай 20-дан астам эпизод анықталды. Қаскөйлер түнде ұрлық жасаған. Олар ГАЗель жүк көлігімен келіп, жалға алынған манипуляторды айдап әкеліп, тура іргедегі шам бағандарын кесіп, ұрлап кеткен. Біз 50-ден астам ұрланған бағананы тәркіледік", - дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Қылмыс жасады деген күдікпен 32 және 24 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақ тәркіленді.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.