Алматыда 800-ден аса баладан пневмония анықталды

0
778

Пневмония анықталған балалардың барлығы ауруханаға жатқызылған.


Алматыда 800-ден аса баладан пневмония анықталды

ERNUR.KZ. Алматыда 800-ден аса баладан пневмония анықталып, ауруханаға жатқызылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

"Пневмония анықталған 806 бала ауруханаға жатқызылды", - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол пандемия басталғаннан бері Алматыда 14 144 COVID-19 жағдайы тіркелгенін айтты.

"Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 252-ге жетті. Барлығы 12 701 адам сауығып кетті, бұл барлық науқастың 90 пайызы", - деді Бекшин.