Алматыда алаяқтық жолмен тұрғындардың 35 млн теңгесін алған азамат ұсталды

0
676

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматыда алаяқтық жолмен тұрғындардың 35 млн теңгесін алған азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Алмалы ауданы Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов Алматыда ірі көлемде алаяқтық жасаған азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Түркістан облысында туған 33 жастағы К. есімді азамат 2018 жылдан бастап алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтен адамдардың қаражатын заңсыз түрде иемденіп алғаны анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Күдікті таныстары мен достарының арасында Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарына түсіруге мүмкіндігі бар екенін, келесі бір танысына мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алуға көмектесе алатынын, басқаларға жер учаскесін алуға ықпал ете алатыны туралы қауесеттер таратқан. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 35 миллион теңгеден асады. Олардың үшеуі полицияға шағым түсірді», – деді басқарма бастығы.

Күдікті Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлімі (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.