Ашық аспан астында кино көру шарасына 2 мыңға жуық адам қатысқан.
ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Ашық аспан астындағы кино» жобасын қолдады, деп жазады baq.kz.
«Қалалық кино ортасы» Q-Lab қалалық жобалар зертханасының экспериментіне қолдау білдірдік. Бұл қызық мәдени және әлеуметтік тәжірибе, қалалықтар ашық аспан астында бірге кино көру үшін түрлі алаңдарда жиналады. 10 шілдеден бастап осындай төрт шара өтті, оған 2 мыңға жуық адам қатысты. Демек, демалыстың бұл түріне қызығушылық бар. Келесі аптадан бастап қаланың барлық аудандарында бір мезетте пилотты жобаның ауқымын кеңейтуді жоспарлаудамыз», - деп жазды Бақыжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.