Полиция департаменті істің тергеліп жатқанын хабарлады.
ERNUR.KZ. Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қызды ұрып-соққан. Бұл туралы "НеМолчиKz" қорының жетекшісі Дина Тансари мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.
Дина Таңсәрінің айтуынша, балада жарақаттар көп және миы шайқалған дейді.
"Балабақша директор мұны басқа бала жасады деп айтып отыр. Бұған сену қиын", - дейді ол.
Полиция департаменті бұл істің тергеліп жатқанын хабарлады.
"Бұл факт ҚК-нің 141-бабы "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді және Жетісу аудандық ПБ іс жүргізуінде жатыр. Тергеу аясында тиісті іс жүргізу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижелері, қылмыстық іс бойынша шешімі қабылданатын болады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.