Алматыда ер адам 250 мың доллар бар сейфті ұрлап кеткен

0
859

Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.


Алматыда ер адам 250 мың доллар бар сейфті ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Алматы полициясы пәтер ұрлығына күдіктіні анықтады, деп жазады tengrinews.kz.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстаған.

"1989 жылы туған И. есімді ер адам терезе арқылы бөтен біреудің үйіне кіріп, одан жасырын түрде сейфті ұрлап кеткен. Сейфтің ішінде ірі көлемде ақша болды. Ұрлық болған кезде үй иелері болмаған, олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Отағасының айтуынша, ол жеке кәсіпкер. Оның сейфінде 250 мың доллар болған. Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.