Алматыда ерлі-зайыпты көшеде оқушыны тұншықтырып, телефонын тартып алған

0
665

Рамазан мектепке велосеипедпен кетіп бара жатқанда екі ит ұстаған ер адам жолды жауып, өткізбей қойған.


Алматыда ерлі-зайыпты көшеде оқушыны тұншықтырып, телефонын тартып алған

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Таир Жиғанбаев есімді блогер ер адам мен әйел адамның көшеде оқушыға шабуыл жасап, тұншықтырып жатқан видеосын жариялады. Рамазан атты бала желіде оқыс оқиғаға тап болғаны туралы айтты, деп жазады stan.kz.

Рамазан мектепке велосеипедпен кетіп бара жатқанда екі ит ұстаған ер адам жолды жауып, өткізбей қойған. Олардың арасындағы кикілжің жанжалға ұласып, ер адам оқушыны тұншықтырып, әйел телефонын тартып алған.

“Ол мені балағаттап, “қайда үшып барасың?” деп сұрады. Мен сағатына 20 шақырыммен келе жатқан едім. Оның бұл сөздерін көтермей, өзіне дәл солай жауап қайтардым. Одан кейін ол жұдырық ала жүгірді. Көргендеріңіздей, ол мені тұншықтыра бастады. Тахикардиямен ауырамын, сол кезде өліп кете жаздадым. Қызарып кеттім, денемде де жарақат іздері көп. Жазасыз қалмауын сұраймын. Жанында жүрген әйел видеоны өшір деді. Әлі де тыныстауым қиындап, жүрек соғысы жиіледі”, – деп жазды Рамазан.

Болған жағдайға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.

“Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Заңға сәйкес шаралар қабылданады”, – деді полициядағылар.