Алматыда карантин талабын бұзған 40 мекеме жұмысын тоқтатты

0
2 533

Қала бойынша 32 мониторингтік топ жұмыс істейді


Алматыда карантин талабын бұзған 40 мекеме жұмысын тоқтатты

ERNUR.KZ. Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия жанындағы мониторингтік топтардың үйлестірушісі Рауан Есіркенов Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мониторингтік топтың жұмысы туралы баяндап берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның сөзінше, Алматы қаласы әкімінің қаулысымен қалада мобильді мониторингтік топ құрылған. Қала бойынша әр ауданда 4 топтан барлығы 32 топ жұмыс істейді. Мониторингтік топтың басшылары – аудан әкімдері.

Мониторингтік топтың белгіленген алгоритмі бойынша бас санитарлық дәрігердің соңғы қаулысына сәйкес жұмыс жоспарларын жасайды.

«Әр аудандағы топтың өздерінің құрған жоспарлары бар. Алгоритмге сәйкес жұмыс уақытын, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска режимінің сақталуын тексереді. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін 4 188 рейд, 22 400 нысан, соның ішінде 4 994 нысан карантин режимін бұзған. Осыған байланысты 566 хаттама толтырылып, 191 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Рауан Есіркенов.

Сонымен қатар, былтырдан бүгінге дейін 40 мекеме жұмысын тоқтатты.