Бейне бақылау камерасына түскен жазба әлеуметтік желіде жарияланды.
ERNUR.KZ. Алматы қалалық ПД мәліметінше, төбелес қаланың Түрксіб ауданында болған, деп жазады zakon.kz.
Бейне бақылау камерасына түскен жазба әлеуметтік желіде жарияланды.
Видеода бір топ ер адамның дауласып жатқаны бейнеленген. Бір уақытта олардың бірі пышақ алып шығып, қарсыласына сұға салады.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, күдікті ізін суытпай ұсталды.
Полицияның мәліметінше, күдікті мас болған.