Әлеуметтік желіде қыздың видеосы пайда болды, қоғамдық көлік ішінде бейтаныс ер адамның жыныс мүшесін ашып, өзін-өзі қанағаттандырған видеосы тарады.
ERNUR.KZ. Алматыда полиция департаменті автобуста мастурбация жасаған ер адамды іздестіріп жатыр, деп жазады stan.kz.
Әлеуметтік желіде қыздың видеосы пайда болды, қоғамдық көлік ішінде бейтаныс ер адамның жыныс мүшесін ашып, өзін-өзі қанағаттандырған видеосы тарады. Ер адам қыздың камераға түсіру әрекетіне агрессивті түрде қараған.
"Немолчи" қорының мәліметінше, 20 мамырда ер адам осыған ұқсас әрекетін бірнеше автобустарда қайталаған.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамды анықтау және оны ұстау шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Құқық бұзушының әрекетіне заңға сәйкес одан әрі шаралар қолданылып, құқықтық баға беріледі", - деп қорытындылады полицейлер.