​Алматыда көпбалалы отбасы балалары балабақшаға тегін барып жүр

0
2 252

1 наурыздан бастап құжат арқылы дәлелдей алған отбасылар бала-бақшаға төленетін бұл міндетті ақыдан құтылды.


​Алматыда көпбалалы отбасы балалары балабақшаға тегін барып жүр

ERNUR.KZ. Алматыда 1 наурыздан бастап көпбалалы отбасылардың екінші баласы балабақшаға тегін барып жүр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Көпбалалы отбасылардың біруақытта бақшаға баратын екінші және одан кейінгі балалары үшін тамақтану ақысын жергілікті бюджет төлейді. Яғни, бір отбасының екінші, үшінші балалары балабақшаға тегін барып жүр», - деді Эльмира Муталляпова.

Оның айтуынша, бұған дейін бұл ата-аналар балабақшаға ай сайын әр бала үшін 18 мың теңге төлеп келген. Енді 1 наурыздан бастап құжат арқылы дәлелдей алған отбасылар бұл міндетті ақыдан құтылды.

Эльмира Муталляпова «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 350 бала қамтылғанын тілге тиек етті. Жалпы алғанда қалада көпбалалы отбасылардың 710 баласы балабақшаға барады. Алматыда көпбалалы отбасылардан 1717 бүлдіршін электронды есепте тұр.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 183 мемлекеттік, 700 тарта жекеменшік балабақша жұмыс істеп тұр.