Олардың жарнамасы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда құрылыс жүргізуге рұқсаты жоқ баспаналар саудаға шығарыла бастаған, деп жазады sputnik.kz.
Олардың жарнамасы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Халықты қажетсіз тәуекел мен қолайсыздықтан сақтандыру мақсатында мегаполис әкімдігі осындай тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады.
Дені Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарында тіркелген. Ал салынып жатқан тұрғын үй кешендері құжаттарының бар-жоғын, дұрыс-бұрысын қала құрылысын бақылау басқармасынан білуге болады.
Бұл тұрғын үй кешендерінен пәтер алмағаныңыз жөн:
Бостандық ауданы - "Khan" клуб үйі – жоба эскизі жоқ
Бостандық ауданы - "Castle Rock" ТК - жоба эскизі жоқ
Бостандық ауданы - "Rich" клуб үйі - жоба эскизі жоқ
Медеу ауданы - "Esentai Terrace" клуб үйі - жоба эскизі жоқ
Медеу ауданы - "Alma Garden" - жоба эскизі жоқ
Медеу ауданы - "Chelsea Club House" - жоба эскизі жоқ
Наурызбай ауданы - "Цюрих" ТК - жоба эскизі жоқ
Наурызбай ауданы - "Flora" ТК - жоба эскизі жоқ
Наурызбай ауданы - "Lantana" ТК - жоба эскизі жоқ