Алматыда "Рыжий Алмаздың" бауыры сотталды

0
750

Оған "Қызметін пайдалана отырып, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, талан-таражға салды" деген айып тағылған.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматыда сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны үшін "Транстелеком" АҚ-ның бұрынғы басшысы Асқар Нәсенов сотталды, деп жазады Tengrinews.kz.


Сондай-ақ, Асқар Нәсенов - 90-жылдары қылмыс әлемінің серкесі атанған Рыжий Алмаздың інісі.

27 мамырда Насеновтың ісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол "Қызметін пайдалана отырып, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, талан-таражға салды" деген айыппен сотталды.

"Осыған дейін Насенов "KT&T" ЖШС-мен заңсыз консорциумдық келісім жасау арқылы мемлекет қаржысын жымқырды және 2,1 миллиард теңге көлемінде төлем жасады деп күдікке ілінді. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Асқар Нәсенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, үш жылға қаржылық жауапкершілікті иелену құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2013 жылы Асқар Нәсеновке іздеу жариялаған болатын.