29 қазан күні Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түскен.
Фото: otyrar.kz
ERNUR.KZ. Алматы маңында танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін алып, одан секіріп өтпек болған жас жігіт мерт болды, деп жазады inform.kz.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 29 қазан күні Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түскен.
- Нәтижесінде жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды, онда 30 қазан күні есін жимастан жан тапсырды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.