Алматыда Toyota Camry көпірден құлап кеткен: Volkswagen жүргізушісі белгілі болды

0
602

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.


Алматыда Toyota Camry көпірден құлап кеткен: Volkswagen жүргізушісі белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Рысқұлов-Күдерин қиылысындағы көпірде болған апатқа қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Еске салайық, Volkswagen Golf пен Toyota Camry көлігінің соқтығысуы салдарынан Toyota көпірден құлаған болатын.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Volkswagen Golf көлігін 53 жастағы әйел тізгіндеген болып шықты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі 1970 жылы туған азаматша И. Ол жолақ ауыстыру кезінде Toyota көлігімен соқтығысқан, ол кедергіге – көпір тірегіне соғылып, жолдан ұшып кетіп, аударылып қалған", - деді Алматы полициясы өкілдері.

Жәбірленушілер алған жарақат ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарын ескере отырып, тергеудің өзге де мән-жайы жарияланбайды", - деді Алматы Полиция департаменті өкілдері.

Бұған дейін Алматыда Toyota Camry көлігі көпірден құлап, зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр екені хабарланған болатын.