Алматыда трамвай жолының орнына LRT салынады

0
900

Қаланы дамытудың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарының жобасына сәйкес Алматыда ұзындығы 79 км LRT салынады.


Алматыда трамвай жолының орнына LRT салынады

ERNUR.KZ. Алматыда ұзындығы 79 км LRT салынады, деп жазады sputnik.kz.

Алматыда трамвайдың жүрмегеніне 10 жылға таяп қалды. 1937 жылы іргетасы қаланған қоғамдық көлік 2015 жылы өз қызметін түбегейлі тоқтатты. Өйткені алматылықтардың небәрі 20-25%-ін ғана қамтамасыз еткен. Сәйкесінше пайдасы да болмаған.
Қаланы дамытудың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарының жобасына сәйкес Алматыда ұзындығы 79 км LRT салынады.
"Бірінші LRT желісі – 31 км, екінші LRT желісі – 19 км, үшінші LRT желісі – 29 км болады. Ұзындығы 31 км болатын LRT-нің бірінші желісі Төле би көшесімен Алатау даңғылына дейін, одан әрі Алатау даңғылымен Барлық базарына дейін созылады", - дейді қалалық әкімдік.
31 шақырымдық LRT Момышұлы көшесімен қозғалып, солтүстік бағытта Төле би көшесінен Алатау ауданындағы индустриалды аймаққа дейін, шығыс бағытта Төле би көшесінен Желтоқсан көшесіне және Райымбек даңғылына дейін өтеді.
"Бұл жол одан әрі Райымбек даңғылынан Халық аренаға қала шекарасы шегіне дейін жетеді. Бірінші LRT 2030 жылға дейін бітеді деп жоспарланған", - дейді ведомство.