Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты биіктен құлап, мерт болды

0
320

Болжам бойынша, марқұм 19 жас шамасында.


Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты биіктен құлап, мерт болды

ERNUR.KZ Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлап, мерт болды, деп жазады Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Болжам бойынша, марқұм 19 жас шамасында.

"Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде", деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.