Бұған дейін басқарма тарапынан «Рифтам» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нысанның басым бөлігіне рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталған.
Фото: Алматы әкімдігі
ERNUR.KZ. Алматыда сот шешімімен ірі құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды. Өңірдегі қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім еткендей, Самғау шағын ауданындағы Көкорай көшесі, 28/2 мекенжайында орналасқан 2 000 шаршы метрден астам заңсыз қойма ғимараттары толық сүріледі, деп жазады inform.kz.
Бұған дейін басқарма тарапынан «Рифтам» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нысанның басым бөлігіне рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталған.
Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2174 шаршы метр заңсыз салынған нысанды сүруге талап арыз берген. 2023 жылдың 8 желтоқсанында сот талапты қанағаттандырды, ал биыл 4 наурызда Алматы қалалық сотының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.