Бұл суицид екені айтылады.
ERNUR.KZ. 1 қаңтарда Алматыда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды, деп жазады zakon.kz.
16 жасар жасөспірім Жетісу ауданындағы үйінен 1 қаңтарда таңғы сағат 10:00 шамасында белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, содан кері оралмаған. Жоғалған жасөспірімді волонтерлар, тәртіп сақшылары, құтқарушылар іздеді. 4 қаңтарда жасөспірім өлі күйінде табылды.
Бұл суицид екені айтылады. Бозбала көпірдің астында асулы тұрған жерінен табылды. Оның мұндай қадамға неге барғаны туралы айтылмайды.
Lider.kz волонтерлары марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтады.